09 қараша 2019 | 15:59

Луис Суарес карьерасын Дэвид Бекхэмнің клубында жалғастыруы мүмкін

Камила Долаева Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сурет: Reuters Сурет: Reuters

"Барселона" клубының шабуылшысы Луис Суарес карьерасын MLS-те жалғастыруы мүмкін, - деп хабарлайды "Чемпионат" ESPN-ге сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

"Барселона" клубының шабуылшысы Луис Суарес карьерасын MLS-те жалғастыруы мүмкін, - деп хабарлайды "Чемпионат" ESPN-ге сілтеме жасап.

Дереккөздің ақпараты бойынша, 32 жастағы уругвайлық спортшы АҚШ-та ойнағысы келеді. Ал "Барселона" өз кезегінде ойыншыға қолдау көрсетуге және оны тегін жіберуге дайын. Суарестің каталониялық клубпен келісім-шарты 2021 жылға дейін есептелген.

Уругвайлық футболшыға "Манчестер Юнайтед" пен мадридтік "Реал" және Дэвид Бекхэмнің "Интер Майами" клубтары қызығушылық танытып отыр.

Суарес "Барселона" құрамында 2014 жылдан бері өнер көрсетеді. Бұл клубпен бірге уругвайлық шабуылшысы Испания чемпионатында төрт рет жеңіске жетті, төрт рет ел Кубогының иегері болды, сондай-ақ 2014/15 маусымында Чемпиондар Лигасын жеңді.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети