Мадридтік "Реал" Чемпиондар лигасының 2016/2017 маусымының жеңімпазы болды, - деп хабарлайды Vesti.kz.
Мадридтік "Реал" Чемпиондар лигасының 2016/2017 маусымының жеңімпазы болды, - деп хабарлайды Vesti.kz.
Финалда испан клубы италиялық "Ювентус" командасын жеңді. Кардифф қаласындағы "Миллениум" стадионында өткен матч 4:1 есебімен аяқталды.
Бірінші гол 20-шы минутта соғылды, голды португал форвард Криштиану Роналду соқты. Алайда "Ювентус" тез арада есепті теңестірген - 27-ші минутта Марио Манджукич көзге түсті. Ал екінші таймның 61-ші минутында бразилиялық Каземиро алыстан күшті соққы жасап, "Реалды" алға шығарды. Кейін 64-ші минутта Роналду дубль жасады.
"Ювентус" матчтың соңында аз құраммен ойнауға мәжбүр болды. 84-ші минутта колумбиялық жартылай қорғаушы Хуан Куадрадо екінші сары қағаз алып, алаңнан шығып қалды. Осыдан кейін "Реал" хавбегі Марко Асенсио қосымша уақыттың бірінші минутында көзге түсіп, есеп айырмасын ұзарта білді.
Айта кетейік, "Реал" Чемпиондар лигасында осымен 12-ші рет жеңіске жетіп отыр, бұл - рекорд. Мадридтік клуб осымен екінші жыл еуропалық басты турнирде жеңімпаз атанды және 1992 жылы турнир реформаланғаннан кейін жеңімпаз титулын қорғап қалған бірінші команда болды. Ал "Ювентусқа" бұл Чемпиондар лигасындағы сегізінші финал. Туриндік клуб бұл турнирде екі-ақ рет жеңіске жеткен.