"Манчестер Сити" мен "Реал" Чемпиондар лигасының жартылай финалына шықты

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Манчестер Сити" мен "Реал" Чемпиондар лигасының жартылай финалына шықты © Reuters

Англиялық "Манчестер Сити" мен мадридтік "Реал" Чемпиондар лигасының жартылай финалына шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Англиялық "Манчестер Сити" мен мадридтік "Реал" Чемпиондар лигасының жартылай финалына шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

14 сәуірде "Манчестер Сити" турнир ширек финалының қарымта матчында дортмундтық "Боруссияны" сырт алаңда 2:1 есебімен жеңді. Джуд Беллингемнің 15-минутта соққан голына "Сити" Рияд Марез (55-минут, пенальтиден) бен Фил Фоденнің (75) голымен жауап қатты.

"Манчестер Сити" қақпасына гол соққан 17 жастағы Беллингем "Боруссия" тарихында Чемпиондар лигасында көзге түскен ең жас ойыншы атанды.

Бұл командалардың алғашқы кездесуі де дәл осындай нәтижемен аяқталған. Осылайша, "қалалықтар" екі ойын қорытындысы бойынша 4:2 есебімен жеңді.

Ал "Реал" сырт алаңда "Ливерпульмен" тең түсті - 0:0. Бұл командалардың алғашқы кездесуінде мадридтік клуб 3:1 есебімен жеңген болатын. Осылайша, "Реал" жартылай финалға жолдама алып отыр.  

Бұған дейін Чемпиондар лигасының жартылай финалына ПСЖ мен "Челси" шыққан болатын. Жартылай финалда ПСЖ "Манчестер Ситимен", "Реал" "Челсимен" кездеседі. Бұл матчтар 27, 28 сәуір мен 4, 5 мамырға жоспарланған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети