Марадонаның фанаттары Аргентина астанасында тәртіпсіздік жасады

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© РИА Новости / Серхио Гойа © РИА Новости / Серхио Гойа

Аргентина астанасында Диего Марадонамен қоштасу рәсімінде тәртіпсіздіктер болды. Буэнос-Айрес полициясы жас ағызатын газ қолданды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі жергілікті TN телеарнасына сілтеме жасап.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Аргентина астанасында Диего Марадонамен қоштасу рәсімінде тәртіпсіздіктер болды. Буэнос-Айрес полициясы жас ағызатын газ қолданды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі жергілікті TN телеарнасына сілтеме жасап.

Марадонамен қоштасу рәсімі президент сарайында өткен. Кумирін соңғы сапарға шығарып салуға жиналғандар ғимаратқа кезекпен кірген. Алайда кейінірек аңызға айналған футболшымен қоштасу жергілікті уақыт бойынша 16:00-де аяқталатыны анықталды. Сосын сарайдың кіреберісінде тәртіпсіздіктер басталған: полиция мен Марадона фанаттары арасында қақтығыс болған.

Құқық қорғау органдары жас ағызатын гранаталарды сарай ішіне лақтырғаны айтылады. Онда фанаттар кіріп алған. Жиналған жұртты тарату үшін суатқыштар қолданылған.


© РИА Новости / Серхио Гойа

Бұдан кейін билік Марадонаның денесі қойылған мәйітті президент сарайындағы залдан алып кетті. 

"Қаупісіздікті сақтау үшін табыт залдан шығарылды, сарайдың ішкі залдарынан фанаттар шығып кетпейінше осындай шешім жасалды", - деп хабарлады жергілікті телеарна тілшілері.


© РИА Новости / Серхио Гойа

Аргентинаның ішкі істер министрі Вадо де Педро қақтығысқа Буэнос-Айрес билігі кінәлі деп, күш қолдануды тоқтатуды талап етті.

"Орасио Ларетту (мэр) мен Диего Сантильяны (вице-мэр) қала полициясының бассыздығын тоқтатуға шақырамыз", - деп жазды ІІМ басшысы Twitter-де.

Infobae порталының мәліметінше, тәртіпсіздік кезінде тоғыз адам ұсталған.

Аңыз футболшы 25 қарашада жүрек талмасынан қайтыс болған

Атақты футболшы 60 жаста еді. Марадона 25 қарашада, сәрсенбіде таңертең жергілікті уақыт бойынша сағат 12.00-де (Нұр-Сұлтан уақытымен 21.000-да) Буэнос-Айрестегі Нордельт ауданындағы үйінде қайтыс болды. Футболшы өлімінің себебі - инфаркт. Спортшының үйіне тоғыз жедел жәрдем көлігі келген, бірақ дәрігерлер оны құтқарып қала алмады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 515.28  course up  583.05  course up  6.14  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro