Мбаппе пенальтиден мүлт кеткеніне қатысты мәлімдеме жасады

Камила Долаева
Камила Долаева Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мбаппе пенальтиден мүлт кеткеніне қатысты мәлімдеме жасады © Reuters

Франция құрамасының шабуылшысы Килиан Мбаппе Еуропа чемпионатының 1/8 финалында Швейцариядан ұтылғаннан кейін мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz порталына сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Франция құрамасының шабуылшысы Килиан Мбаппе Еуропа чемпионатының 1/8 финалында Швейцариядан ұтылғаннан кейін мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz порталына сілтеме жасап. 

Бухарестте өткен ойынның негізгі уақыты 3:3 есебімен аяқталды. Ал пенальти сериясында Мбаппе шешуші голды сала алмады. 

"Жарыстан шығып қалғанымыз өте ауыр, өз мақсатымызға жете алмадық. Пенальти үшін кешірім сұраймын. Командаға көмектесейін дедім, бірақ, қолымнан келмеді. Ұйықтай алмайтын шығармын. Алайда осы спорттағы сүріну мен қайта самғауды жақсы көремін. Жанкүйерлердің көңілі қалғанын білемін, дегенмен, қолдауларыңызға алғыс білдіріп, бізге сенім артқандарыңызға рақмет айтқым келеді. Бастысы - алдағы сынақтарға шыңдала түсу. Швейцарияны құттықтаймын және сәттілік тілеймін", - деп жазыпты Мбаппе Instagram-дағы парақшасында.

© instagram/k.mbappe

EURO-2020 ширек финалында Швейцария құрамасы Испаниямен кездеседі, команда бұған дейін Хорватияны 5:3 есебімен жеңген еді. Матч 2 шілдеде Санкт-Петербургтегі "Газпром Арена" стадионында өтеді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети