03 қаңтар 2018 11:11

Мексикалық футболшы өзін алаңнан қуған төрешіні өлтірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Agustin Marcarian / Reuters © Agustin Marcarian / Reuters

Мексикада футболдан әуесқойлар арасында өтіп жатқан ойында ойыншының шабуылынан төреші қайтыс болды, - деп хабарлайды The Daily Mail.


Мексикада футболдан әуесқойлар арасында өтіп жатқан ойында ойыншының шабуылынан төреші қайтыс болды, - деп хабарлайды The Daily Mail.

Басылым мәліметінше, төреші Хосе Вальдемар Эрнандес Капитильоға футболшыға қызыл қағаз көрсеткен. Осыған ашуланған ойыншы төрешіге шабуыл жасады. Ойын соңында Капитильо Халапа қаласындағы ауруханаға жеткізілді және бір апта комада жатып, қайтыс болды. 

"Қазіргі уақытта біз барлық шараны істеп жатырмыз. Әріптесіміздің өліміне кінәлі адам лайықты жазасын алуы тиіс", - деді Мексиканың төрешілер ассосиациясы президенті Валентин Рамирес.

Төрешіге шабуыл жасаған ойыншы қамауға алынған.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети