Месси әлем чемпионатындағы жеңісін кімге арнағанын айтты

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Месси әлем чемпионатындағы жеңісін кімге арнағанын айтты © instagram/leomessi

Футболдан Аргентина құрамасының капитаны Лионель Месси Instagram-парақшасында жазба жариялап, биылғы әлем чемпионатындағы жеңісін кімге арнағанын айтты, - деп хабарлайды Tengri Sport.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Футболдан Аргентина құрамасының капитаны Лионель Месси Instagram-парақшасында жазба жариялап, биылғы әлем чемпионатындағы жеңісін кімге арнағанын айтты, - деп хабарлайды Tengri Sport.

Шабуылшы мундиалдағы жеңісті марқұм Диего Марадонаға, сондай-ақ ұлттық құраманы қолдаған жандарға, бұған дейін жеңіске қол жеткізе алмаған барлық аргентиналық ойыншыға арнайтынын айтты.

"Грандолиден" (Мессидің балалар деңгейіндегі алғашқы командасы - еск.) Катардағы әлем чемпионатына дейінгі жол 30 жылдай болды. Үш онжылдық бойы футбол жолында қуанған да, мұңайған да сәттер болды. Әлем чемпионы болу арманым еді және ол орындалмауы мүмкін екенін білсем де оған қол жеткізер жолда берілгім келмеді.

Бұл кубок бұған дейінгі чемпионаттарда жеңіске жете алмаған аргентиналықтарға арналады. Ол бізге көктен жанкүйер болған Диегоға және ұлттық құраманы қолдаған жандарға арналады", - дейді Месси.

Еске салайық, 18 желтоқсанда Аргентина құрамасы футболдан үш дүркін әлем чемпионы атанған болатын. Катардағы әлем чемпионатының финалында Аргентина Франция құрамасымен кездесті.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети