Аргентина құрамасының шабуылшысы Лионель Месси футболдан ӘЧ-2014 ойындарында ең үздік ойыншыға берілетін "Алтын доп" иегері атанды, деп хабарлайды Tengrinews.kz Vesti.kz-ке сілтеме жасай отырып.
Аргентина құрамасының шабуылшысы Лионель Месси футболдан ӘЧ-2014 ойындарында ең үздік ойыншыға берілетін "Алтын доп" иегері атанды, деп хабарлайды Tengrinews.kz Vesti.kz-ке сілтеме жасай отырып.
Лионель Месси ӘЧ-2014 ойындарында 7 матч өткізді, оның төртеуінде гол соқты (біреуі пенальти). Турнирдің ең үздік шабуылшысы - Колумбия құрамасының жартылай қорғаушысы Хамес Родригес "Алтын бутсы" иегері атанды. Ол 5 матчта 6 доп соқты.
"Алтын қолғап" Германия құрамасының қақпашысы Мануэль Нойерге бұйырды. Бразилиядағы мундиальда әлем чемпионаты атағын иеленген құраманың қақпашысы 7 матчта 4 доп қана жіберіп алған.
Естеріңізге сала кетейік, Германия құрамасы Бразилияда өткен футболдан ӘЧ-2014 ойындарының финалында қосымша уақытта Аргентина құрамасын жеңді. Кездесудің 114-минутында соғылған голдың авторы Марио Гетце осы матчтың үздік ойыншысы атанды.
Сонымен Германия құрамасы әлемнің төрт дүркін чемпионы болды. Бұған дейін немістер 1954,1974,1990 жылдары чемпион болған.