Месси бесінші "Алтын бутсы" жүлдесін жеңіп алды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Месси бесінші "Алтын бутсы" жүлдесін жеңіп алды © fcbarcelona.com

"Барселона" шабуылшысы Лионель Месси Еуропа чемпионаттарының үздік сұрмергені ретінде бесінші мәрте "Алтын бутсы" жүлдесін алады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі FCBARCELONA.com сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Барселона" шабуылшысы Лионель Месси Еуропа чемпионаттарының үздік сұрмергені ретінде бесінші мәрте "Алтын бутсы" жүлдесін алады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі FCBARCELONA.com сайтына сілтеме жасап.

"Алтын бутсы" жеңімпазы чемпионат коэффициенті мен соққан голдарын көбейту арқылы анықталады. 2017-18 маусымында Месси Испания чемпионатының 36 матчында 34 гол соғып, үздік сұрмерген атанды. 

Испания чемпионатымен деңгейлес өзге де Топ-5 еуропалық лигалардың чемпионатында мына футболшылар сұрмерген атанды: Англия - Мохамед Салах, "Ливерпуль", 36 матчта 32 гол; Германия - Роберт Ленвадовский, "Бавария", 30 матчта 29 гол; Италия - Чиро Иммобиле, "Лацио", 33 матчта 29 гол; Франция - Эдинсон Кавани, "Пари Сен-Жермен", 32 матчта 28 гол. 

Мұның алдында Месси бұл жүлдені 2010, 2012, 2013 және 2017 жылдары алған. Осылайша ол төрт "Алтын бутцы" жүлдесін төрт рет алған "мадридтік "Реалдағы" португал Криштиану Роналдудан озып отыр.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети