Месси "физика заңдарына бағынбайтын" трюк жасады

Камила Долаева
Камила Долаева Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

Месси "физика заңдарына бағынбайтын" трюк жасады © instagram/leomessi

"Барселонаның" шабуылшысы Лионель Месси Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасында "физика заңдарына бағынбайтын" трюк көрсететін видео жариялады, - деп хабарлайды Eurosport тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Барселонаның" шабуылшысы Лионель Месси Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасында "физика заңдарына бағынбайтын" трюк көрсететін видео жариялады, - деп хабарлайды Eurosport тілшісі.

Видеода аргентиналық футболшы доптың үстіне газдалған сусынды қойып, кейін тепкенде, бөтелке өз өсімен айналып жерге нық түседі, ал доп ұшып барып, шығыршықтың дәл ортасынан өтеді.

Леоның парақшасында видео бір тәуліктің ішінде 17 миллионнан аса қаралым жинады. Алайда трюктың шынайы жасалғанына күмән келтіргендер де болды.

Кей басылымдар видеоны кадрға бөліп, мұның сиқыр емес, жәй ғана монтаж екенін айтқан. Себебі бөтелке жерге түскенде ұзақ шайқалып тұрмаған.

Леодан бірнеше күн бұрын Мохамед Салах та осыған ұқсас видео жариялаған.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Behind the scenes...

Публикация от Mohamed Salah (@mosalah)

Sports.ru журналистері мән-жайды анықтау үшін футбол жайлы айтатын танымал YouTube блогері Герман Попковпен (German El Classico) байланысып көрді. Оның айтуынша, видеода көрсетлген нәрсе шынайы.

"Екі жағдайда да бұл монтаж емес. Біріншіден, бұл трюкті жасау қиын емес, мен бірнеше рет қайталап көргенмін. Бұл қарапайым "боттл флип челлендж", ал сақинаға кіргізу оңай. Допты астынан тебу керек. Ал бөтелке шамамен бес рет мүмкіндіктің екеуінде түседі. Ең бастысы суды аз құйып, түбі кең бөтелкені таңдау керек", - дейді ол.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети