Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.68
EUR / KZT - 389.40
CNY / KZT - 49.85
RUB / KZT - 5.60

Месси мен оның әкесі 21 айға сотталды, бірақ олар жазаны өтемейді

06 Шілде 2016, 20:04
0
Лионель Месси мен Хорхе Месси сот залында © espnfc.com
Лионель Месси мен Хорхе Месси сот залында © espnfc.com

Испанияда аргентиналық футболшы Лионель Мессидің салық төлемеуіне қатысты ісіне үкім шығарылды, - деп хабарлайды Sports.ru Football Espana басылымына сілтеме жасап.

Месси мен оның әкесі Хорхе салық төлемегені үшін 21 айға бас бостандығынан айырылды. Себебі, Мессидің жанұясы 4 миллион еуродан аса көлемдегі төлемді өтемеген.

Алайда, Месси де, оның әкесі де жазаларын өтемейді. Өйткені бұл олардың басында болып отырған бірінші жағдай екен. Айта кетейік, прокурор Ракель Амадо Лионель Мессиге қатысты ақтау үкімін шығаруға кеңес берді. Оның айтуынша, ойыншының салық төлеу қажеттілігін біле тұра, төлеуден бас тартқанын дәлелдеу мүмкін емес. Ал прокурор оның әкесін бір жарым жылға қамауға алуын сұраған.

Лионель мен оның әкесі Хорхе Мессиге 2013 жылдың жазында осы іске қатысты айып тағылыпты. Сондай-ақ, Испания аумағында 2007-2009 жылдары салық декларацияларын жалған құжаттармен жасағаны үшін және тапқан табысына байланысты төлеуі тиіс салықты төлемеген деген күдікке ілінген екен. Тергеу мәліметінше, осы себеппен Испанияның мемлекеттік қазынасында 4,1 миллион еуро жетіспеген. 

Айта кетейік, кейіннен Месси 10 миллион еуро айыппұлды төлеп, оған қатысты істі тоқтату үшін мемлекеттік қазынаға тағы 15 миллион еуро салмақшы болған. Алайда, жергілікті биліктегілер бұл ұсыныстан бас тартыпты.

"Мен футбол ойнап жүрдім. Келісімшарттарға қол қойып жүрдім. Себебі, мен әкеме және заңгерлерге сенемін. Мен өзімнің құқықтық беделіме қатысты компания туралы білмедім. Әкемнен ешқашан ол туралы сұрамадым. Әкем мен заңгерлер солай жаса деген соң, келісімшартқа қол қойдым", - деді футболшы.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай