18 желтоқсан 2017 | 13:52

Месси мен Роналдудың дәуірі басталмай тұрып, соңғы рет "Алтын допты" иеленген футболшы спорттық мансабын аяқтады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Кака. © twitter.com/dugout Кака. © twitter.com/dugout

Футболдан Бразилия сапында өнер көрсетіп, 2002 жылы әлем чемпионы атанған Кака спорттық мансабын аяқтайтынын айтты, - деп хабарлайды Vesti.kz.


Иконка комментария блок соц сети

Футболдан Бразилия сапында өнер көрсетіп, 2002 жылы әлем чемпионы атанған Кака спорттық мансабын аяқтайтынын айтты, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Globo Esporte мәліметінше, Кака футболда "бапкер" ретінде қала береді, мысалы спорттық директор немесе басқа да бір қызметтерді атқарады. "Бұл мен ойлағаннан да көп болды. Енді мен шытырман оқиғалы қызықтарға дайынмын", - деді 35 жастағы Как Instagram желісіндегі парақшасында.  

Кака Италия және Испания чемпионы атанды, сонымен қатар ол Чемпиондар лигасының жеңімпазы, клубтық чемпионаттың жеңімпазы, УЕФА суперкубогының жеңімпазы, Испания кубогының және Италия суперкубогының жеңімпазы. Бразилия құрамасымен бірге ол 95 ойын өткізіп, 31 гол салды, Конфедерация кубогының екі дүркін чемпионы атанды. Соңғы жылдары ол америкалық "Орландо Сити" командасы үшін өнер көрсетіп жүрді. Сондай-ақ ол бразилиялық "Сан-Паулу", италиялық "Милан" және мадридтік "Реал" үшін өнер көрсетті. 

2007 жылы Кака "Алтын допты" иеленді және сол кезден бері Лионель Месси мен Криштиану Роналду осы атақты өзара бөлісіп келеді.  

 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети