Месси Пеленің рекордын қайталады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Месси Пеленің рекордын қайталады ©REUTERS

"Барселона" клубының 33 жастағы шабуылшысы Лионель Месси аты аңызға айналған бразилиялық футболшы Пеленің бір команда сапында соғылған гол саны бойынша рекордын қайталады, - деп хабарлайды Daily Mail.

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Барселона" клубының 33 жастағы шабуылшысы Лионель Месси аты аңызға айналған бразилиялық футболшы Пеленің бір команда сапында соғылған гол саны бойынша рекордын қайталады, - деп хабарлайды Daily Mail.

Аргентиналық футболшы Испания чемпионатында "Валенсия" командасына қарсы өткен ойында 643-голын соқты. Осылайша, ол франциялық France Football журналының нұсқасы бойынша ХХ ғасырдың үздік футболшысы атанған Пеленің рекордын қайталады.

Пеле - әлем кубогын 3 рет жеңіп алған жалғыз футболшы. Ол Бразилия ұлттық футбол құрамасы сапында 1958, 1962 және 1970 жылдары жеңіске жетіп, әлем чемпионы атанған еді.

Айта кетейік, Месси "Барселонада" 2004 жылдан бері өнер көрсетіп келеді. Футболшы каталониялық клуб сапында 34 турнирде жеңіске жетіп, 6 рет "Алтын доп" иегері атанған. Ол барлығы 747 ойынға қатысып, 643 гол соққан.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети