Месси ПСЖ клубына ауысатыны хабарланды, жалақысы да аталды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото: Instagram/leomessi Фото: Instagram/leomessi

"Алтын доптың" алты дүркін иегері аргентиналық шабуылшы Лионель Месси мансабын Францияның ПСЖ футбол клубында жалғастырады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

"Алтын доптың" алты дүркін иегері аргентиналық шабуылшы Лионель Месси мансабын Францияның ПСЖ футбол клубында жалғастырады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.

Бейсенбіде "Барселона" Мессимен жаңа келісімшартқа қол қоймайтынын мәлімдеген, ол еркін агент болды.

Испан газетінің хабарына қарағанда, ПСЖ - Мессиді алғысы келетін жалғыз бәсекеге қабілетті клуб. Ағылшынның "Манчестер Сити" клубы футболшы үшін күреске қатысудан бас тартты. Мессидің ПСЖ-ға ауысуы туралы мәмілені бұзу үлкен тосынсый болады.

ПСЖ-нің ойыншымен келісімшарты ресми түрде алдағы апталарда жариялануы керек. Мессидің өзі ПСЖ-ға қызығаатыны, оны командаға Чемпиондар Лигасын алғаш рет жеңуге көмектесу мүмкіндігі қызықтыратыны айтылады. Сонымен қатар, Аргентинамен жақсы қарым-қатынаста болған бразилиялық Неймар Париж командасында өнер көрсетеді.

Ал кейінірек шабуылшы Лионель Месси француздың "Пари Сен-Жермен" футбол клубымен келісімшарт бойынша бонустарды ескере отырып, жылына 50 миллион еуро алатыны айтылды, бұл туралы журналист Николо Скира Twitter-дегі парақшасында жазды.

БАҚ хабарына қарағанда, ПСЖ 34 жастағы аргентиналыққа маусымға ұзарту мүмкіндігімен екі жылдық келісімшарт ұсынып отыр екен.

Лионель Месси "Барселонада" 2000 жылдан бері ойнап келеді келеді және 2003 жылдан бері негізгі құрамда өнер көрсеткен. Ол Испания чемпионатында 10 жеңіс, Испания Кубогі мен Суперкубогінде 7 реттен, Чемпиондар Лигасында 3 рет, Еуропа Суперкубогінде және клубтық ӘЧ-де 3 рет чемпион атанған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 502.8  course up  547.58  course up  5.95  course down

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro