Месси Роналдумен арақатынасы қандай екенін айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Месси Роналдумен арақатынасы қандай екенін айтты Иллюстрациялық сурет © Eurosport

"Бареслона" шабуылшысы Лионель Месси мадридтік "Реал" форварды Криштиану Роналдумен қарым-қатынасы қандай екенін айтып берді, - деп хабарлайды Tribal Football.

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Бареслона" шабуылшысы Лионель Месси мадридтік "Реал" форварды Криштиану Роналдумен қарым-қатынасы қандай екенін айтып берді, - деп хабарлайды Tribal Football.

"Достық - жылдар бойы қалыптасады. Менің Роналдумен ешқандай аралас-құраластығым жоқ. Біз сыйлықты табыстау салтанатты шараларында ғана кездесеміз. Сол кезде ғана тілдесіп қаламыз. Бәрі дұрыс, бірақ біз көп ұшыраса бермейміз", - дейді Месси. 

Ал Роналду 22 қаңтарда "Барселонадағы" әріптесін "нашар ойыншы" деген еді. Испан чемпионаты ойындарының бірінде футболшы алаңға ертіп шығатын бала: "Сен мен үшін әлемдегі ең мықты футболшысың, ал Месси...", - дей бергенінде, Роналду бұл сөйлемді өзі аяқтаған еді: "Ал Месси - нашар футболшы".  

2008 жылдан бері әлемнің үздік футболшысы алатын "Алтын доп" сыйын Роналду мен Месси ғана иеленіп келеді. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети