"Пари Сен-Жермен" шабуылшысы Лионель Месси алдағы Әлем чемпионаты туралы айтып, спорттағы карьерасын аяқтауға қатысты сұрақтарға жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Diario Sport сайтына сілтеме жасап.
"Пари Сен-Жермен" шабуылшысы Лионель Месси алдағы Әлем чемпионаты туралы айтып, спорттағы карьерасын аяқтауға қатысты сұрақтарға жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Diario Sport сайтына сілтеме жасап.
Sport басылымына берген сұхбатында Месси карьерасындағы негізгі мәселелер, соның ішінде Аргентина құрамасында жеткен жетістіктері, "Алтын доп" туралы айтып, спорттық карьерасына қатысты қорытынды жасап, зейнетке шыққанға дейін не күтетіні туралы айтты. Алты мәрте "Алтын доп" иесі кәсіби мансабын аяқтай ма деген сұраққа жауап берді.
"Шынымды айтсам, жоқ. Әлем чемпионатында, одан кейін не болатынын білмеймін. Бұл туралы ойламаймын. Болатын нәрсе болады", - деді Месси.
"Зор жетістіктерге жеткім келеді. Ұзақ талпынып, Америка Кубогын жеңіп алдық. Біз жеңіске басты үміткерлердің бірі болуымыз керек. Әзірге ол қатарда емеспіз, өйткені мықты командалар бар. Бағытымыз дұрыс, динамика, атмосфера жақсы", - деді тағы да спортшы.
Еске салайық, 5 тамызда "Барселона" Мессидің кететіні туралы хабарлаған еді. Бұл испан лигасының ережесінде көрсетілген қаржылық және құрылымдық кедергілерге байланысты болды. 10 тамызда ол ПСЖ-мен "2+1"схемасы бойынша келісімшарт жасаған еді.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!