Месси үздік ойыншы атағына лайық емес - Марадона

ПОДЕЛИТЬСЯ

Месси үздік ойыншы атағына лайық емес - Марадона ©Tengrinews.kz

Лионель Месси әлем чемпионатының үздік ойыншы атағына лайық емес, мұндай пікірді даңқты аргентиналық шабуылшы Диего Марадона айтты, - деп хабарлайды Vesti.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Лионель Месси әлем чемпионатының үздік ойыншы атағына лайық емес, мұндай пікірді даңқты аргентиналық шабуылшы Диего Марадона айтты, - деп хабарлайды Vesti.kz.

"Әлем біріншілігінің маркетинг қызметкерлері "үздік ойыншы" атағын мүлде лайықты емес футболшыға берді. Мұны әділ деп айтуға болмайды. Мен оның бұл сыйлықты барып алуға ниеті жоқ екенін көрдім", - деді Марадона Ole басылымына берген сұхбатында. 

Лионель Месси әлем біріншілігінің барлық жеті матчына қатысып, төрт гол және бір гол соғатын пас берді. Ал Колумбия құрамасының шабуылшысы Хамес Родригес болса әлем чемпионатының бес кездесуіне қатысып, алты голмен үздік сұрмерген атанды. Марадона осы футболшыны біріншіліктің үздігі деп санайды. 

Еске салайық, Лионель Месси әлем бірінішлігінің үздік ойыншысына берілетін "Алтын доптың" иегері атанды. Бірақ 13 шілде күні Рио-де-Жанейроның "Маракана" стадионында өткен финалдық ойында оның құрамасы Германиядан 0:1 есебімен жеңіліп қалды. Кездесудің негізгі уақыты 0:0 есебімен тең аяқталды. 15 минуттан тұратын қосымша екі таймда немістер басымдығын дәлелдеді. Негізгі уақыттың 88-ші минутында Мирослав Клозенің орнына алаңға шыққан Марио Гетце ойынның 114-минутында аргентиналықтар қақпасынан саңылау тауып, жеңісті жалғыз голдың авторы атанды. Ал футболдан келесі әлем чемпионаты Ресейде өтеді. 

 

 

 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Иран әуе кеңістігін ашты

Валюта бағамы

 507.16  course up  594.97  course up  6.53  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети