20 ақпан 2017 | 22:39

Мысырда он футбол жанкүйері өлім жазасына кесілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

видеодан үзінді видеодан үзінді

Мысыр кассациялық соты 20 ақпанда ел тарихында футбол ойыны кезінде ірі тәртіпсіздік орнаған жағдайға байланысты он жанкүйерге өлім жазасы кесілгені туралы мәліметті растап берді. Оқиға 2012 жылы ақпанда Порт-Саид қаласында "Аль-Масри" және "Аль-Ахли" командалары арасында болған, қаза тапқандар саны 72 адамға жеткен.


Иконка комментария блок соц сети

Мысыр кассациялық соты 20 ақпанда ел тарихында футбол ойыны кезінде ірі тәртіпсіздік орнаған жағдайға байланысты он жанкүйерге өлім жазасы кесілгені туралы мәліметті растап берді. Оқиға 2012 жылы ақпанда Порт-Саид қаласында "Аль-Масри" және "Аль-Ахли" командалары арасында болған, қаза тапқандар саны 72 адамға жеткен.

Ол кезде "Аль-Масри" командасының жанкүйерлері қаза тапқан болатын. "Аль-Ахли" клубының радикалды фанаттары ойын біткеннен кейін қарсы отырған адамдарға шабуыл жасаған. Төбелес пен дүрбелең кезінде тапталып қалып қаза тапқандар саны 70-тен асқан, ал 300-ге жуық адам жарақат алған.  

Осы сот шешімі соңғы үкім болып, қайта қаралмайды, - деп хабарлайды Reuters. Өлім жазасына кесілген он адамнан басқа, он адам - 15 жылға, 14 адам - 10 жылға және тағы он бес адам - бес жылға сотталды. Барлық сотталушыларға адам өлтіру және кісі өлтіруге оқталу айыбы тағылған.

Осы іс бойынша 2013 жылы бірінші рет 21 адамды өлім жазасына кесу туралы заң шыққан. Осыған наразы болған жұртшылық Порт-Саид қаласында полициямен қақтығысты. Соның салдарынан ондаған адамдар қаза тауып, жүзден аса адам жарақат алған. 2014 жылы апелляциялық сот 62 адамға жаңа үкім шығарылды. 2015 жылы судья 11 адамға өлім жазасын кескен болатын, - деп хабарлайды РИА Новости.

Бес жылға сотталғандар арасында Порт-Саид қаласының полиция басшысы да бар. 2015 жылы Мысырда радикалды фанаттар тобына шектеу қойылды. 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети