Неймар Роналду мен Мессиден асып түсті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Неймар Роналду мен Мессиден асып түсті © segodnya.ua

Футболдан Бразилия құрамасының шабуылшысы Неймар 2018 жылғы әлем чемпионатының 1/8 финалындағы Мексикамен болған ойында гол салып, Криштиану Роналду (Португалия) мен Лионель Мессиден (Аргентина) асып түсті.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Футболдан Бразилия құрамасының шабуылшысы Неймар 2018 жылғы әлем чемпионатының 1/8 финалындағы Мексикамен болған ойында гол салып, Криштиану Роналду (Португалия) мен Лионель Мессиден (Аргентина) асып түсті.

Бразилиялық үшін бұл мундиальдің плей-офф кезеңіндегі алғашқы гол болды. Роналду мен Месси бұл кезеңде гол салған жоқ.

Жалпы Неймар 89 матчта қақпаға 57 рет доп салған. Бразилия құрамасы тарихындағы үздік бомбардирлер тізімінде форвард үшінші тұр. Тізімді 92 матчта 72 гол салған Пеле бастап тұр, екінші орында 98 матчта 62 голмен Роналдо.

2 шілдеде Бразилия құрамасы Мексиканы 2:0 есебімен ұтты. Бұл ойында Неймар есеп ашты, осыдан кейін гол салуға септесті. Ширек финалда Бразилия камбек жасап, Жапонияны жарыстан шығарып жіберген Бельгия құрамасымен кездеседі.

Португалия мен Аргентина құрамалары Уругвай (1:2) мен Франция (3:4) құрамаларына жол беріп, 2018 жылғы әлем чемпионатынан шығып қалды.

2018 жылғы футболдан әлем чемпионаты Ресейдің 11 қаласында өтіп жатыр, ол 15 шілдеде "Лужники" стадионында аяқталады.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети