"Ордабасы" клубы жарты миллиард теңгеге сатылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Ордабасы" клубы жарты миллиард теңгеге сатылды

Оңтүстік Қазақстанның футбол клубы электронды саудада сатылды. "Ордабасы" командасы жарты миллиард теңгеге өткен, - деп хабарлайды TVK-UKO.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Оңтүстік Қазақстанның футбол клубы электронды саудада сатылды. "Ордабасы" командасы жарты миллиард теңгеге өткен, - деп хабарлайды TVK-UKO.

Отандық футболдағы елеулі оқиға 19 шілдеде болған. Клубты жекешелендіру бойынша сыбыстар екі жылдан бері айтылып келеді екен. Телеарна өкілдірінің мәліметінше, "ордабасылықтарды" сатып алуға үш үміткер таласқан. Алайда көп жылдан бері жергілікті бюджеттен қаржыландырылып келген клубтың жаңа иесі кім болғаны белгісіз қалып отыр. 

Мұның алдында "Ордабасы" Кәсіпқой футбол клубы" акционерлік қоғамының сатылғаны туралы мәлімет gosreestr.kz мемлекеттік мүлік реестрі сайтында пайда болған еді. Олардың қатарында "Спорт сервис "БИИК", "Намыс" спорт орталықтары және жеке тұлға бар. Бастапқы баға - 248 миллион теңге. Облыстық қаржы басқармасындағылар осы аталғандардың қайсысы 502 миллион теңге төлегенін нақтылап айтпады. 

"Ордабасы" кәсіби футбол клубы - Қазақстандық кәсіби футбол клубы, Шымкент қаласынан. 1998 жылы пайда болған, Қазақстан премьер-лигасында ойнайды. Қазақстан Кубогының және Суперкубогының жеңімпазы. Клубтың негізгі формасы ақ, сыртқы формасы көк болып табылады.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети