“Орталықтағы“ ғажайып: Алматы тарихи жеңісті қалай тойлады?

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

“Орталықтағы“ ғажайып: Алматы тарихи жеңісті қалай тойлады? Фото ©️ Tengrinews.kz / Болат Айтмолда

26 тамыздан 27 тамызға қараған түні "Қайрат" өз тарихындағы ең жарқын жеңіске қол жеткізді – клуб алғаш рет Чемпиондар лигасының негізгі кезеңіне шықты. Жанкүйерлер мен қала тұрғындары таңға дейін көптен күткен жеңісті атап өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

26 тамыздан 27 тамызға қараған түні "Қайрат" өз тарихындағы ең жарқын жеңіске қол жеткізді – клуб алғаш рет Чемпиондар лигасының негізгі кезеңіне шықты. Жанкүйерлер мен қала тұрғындары таңға дейін көптен күткен жеңісті атап өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ойыннан кейін Алматы көшелерінде сары-қара жалау ұстап, ұрандатқан жанкүйерлер пайда болды.

Біртіндеп қаланың басты көшелері жанкүйерлерге толып, сол маңанан өтіп жатқан жүргізушілер көлік дабылымен қызу көңіл-күйді қолдады.

Әлеуметтік желілерде терезеден түсірілген бейнежазбалар пайда болды, онда атмосфераның үйлер мен пәтерлерге дейін жеткені көрінеді.

"Көк-Төбе" телемұнарасы да қалалық думанды қолдады – онда клубтың елтаңбасы бейнеленген сары-қара түсті проекция пайда болды.

Еске салайық, "Қайрат" пен "Селтик" арасындағы Чемпиондар лигасының іріктеу финалының негізгі және қосымша уақыты 0:0 есебімен аяқталды, алматылықтар пенальти сериясында жеңіске жетті.

Кездесудің басты қаһарманы 21 жастағы қақпашы Темірлан Анарбеков болды.

Тарихи жетістікке қоса, "Қайрат" үлкен сыйақы алады. Команда Чемпиондар лигасының негізгі кезеңінде қалай өнер көрсететініне қарамастан, алматылық клубтың шотына шамамен 12 миллиард теңге түседі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети