Бірінші айналымның жеңімпазы – "Ақтөбе"
Футболдан Қазақстан премьер-лигасында он бірінші турдың ойындары өтіп, ел біріншілігінің бірінші айналымы тәмамдалды. Бірінші айналымда 26 ұпаймен "Ақтөбе" топ жарды.
Футбол: Көш басы мен соңында өзгеріс жоқ
Оныншы турдан кейін чемпионат кестесінің орта тұсындағы командалар ғана орындарын ауыстырды. Көшбасшылар жұбы мен аутсайдер қос команда – сол бұрынғы орындарында.
"Ақтөбе" "Астанадан" құйрық үзді
Бүгін футболдан Қазақстан премьер-лигасында тоғызыншы турдың ойындары өтіп, "Ақтөбе" өзімен үзеңгі қағыстырып келе жатқан "Астанадан" құйрық үзді.
Ел футболында көшбасшы ауысты
Футболдан Қазақстан премьер-лигасында көшбасшы ауысты. "Ақтөбе" екі саты жоғарылып, бірінші орынға көтерілсе, "Астана" екінші орынға сырғыды.
Жетінші турда гол "жауды" – алты ойында 26 гол
Жетінші тур шектен тыс шиеленісті өтті. Алты ойында 26 гол соғылып, бес футболшы алаңнан қуылды. Биылғы маусымда бірінші рет хет-триктің куәсі болдық. Екі футболшы дубль жасады.
20 сәуір 2014
Арно Пайперс Қазақстаннан екінші рет кетті
"Тараз" футбол клубын жаттықтырған Арно Пайперс екі жақты келісім бойынша 17 сәуірде өз қызметінен кетті. Әрі өзі жалғыз емес, бауыры Питер Пайперспен бірге Қазақстаннан кетуге мәжбүр болды.
17 сәуір 2014
Қазақстанға Зинедин Зидан келуі мүмкін
"Қайраттың" 60 жылдық мерейтойына клуб жетекшілері Қазақстан футболының ардагерлерін, шоу-бизнес өкілдерін, әлемнің танымал жұлдыздарын шақыруды жоспарлап отыр.
"Тобыл" футбол клубы бас бапкер іздеуге көшті
Бүгін Қостанай облысының әкімі Нұралы Сәдуақасов "Тобыл" футбол клубы ұжымымен кездесіп, бас бапкердің отставкаға кету жөніндегі шешімін қабыл алғандықтарын мәлімдеді.
15 сәуір 2014
Қазақстан футбол федерациясында ауыс-түйіс болды
Қазақстан футбол федерациясының бірінші вице-президенті және Бас хатшысы Саян Хамитжанов қызметінен кетіп, басхатшылыққа Аллен Шайжүнісов тағайындалды.
Футбол додасы енді қызды
Футболдан Қазақстан премьер-лигасында бесінші турдың ойындары аяқталып, көшбасшы ауысты. Қазір көш басында - 11 ұпаймен "Ақтөбе" мен "Астана".