Пеле ауруханаға түсіп қалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Пеле ауруханаға түсіп қалды

Бразилияның көрнекті футболшысы Пеле Сан-Паулуда асқазан ауруына байланысты ауруханаға жатқызылды, - деп хабарлайды РИА Новости Globoesporte-ге сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бразилияның көрнекті футболшысы Пеле Сан-Паулуда асқазан ауруына байланысты ауруханаға жатқызылды, - деп хабарлайды РИА Новости Globoesporte-ге сілтеме жасап.

12 қараша күні Пеле Сантоста кітаптың таныстырылымына баруы тиіс болған, бірақ Альберт Эйнштейн атындағы клиникаға түсіп қалды. Алдын ала диагноз бойынша, футболшының асқазаны ауырған. 

74 жастағы Пеле жан-жақты тексерістен өтеді. Бұл ауруханада даңқты футболшы екі жыл бұрын да емделген, ол кезде оң жамбасына операция жасатты.

Пеле (Эдсон Арантис ду Насименту) - әлемнің үш дүркін чемпионы, ФИФА нұсқасы бойынша ХХ ғасырдың ең үздік футболшысы, Халықаралық Олимпиада комитетінің нұсқасы бойынша ХХ ғасырдың ең үздік спортшысы. Бразилия құрамасы сапында 92 ойын өткізіп, 77 гол салды. Ол - Time басылымының нұсқасы бойынша әлемнің ең ықпалды 100 тұлғасының бірі.

 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети