Пеленің қазасы: Тоқаев Бразилия президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Пеленің қазасы: Тоқаев Бразилия президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады © instagram/pele

Президент әйгілі футболшы Пеленің қайтыс болуына байланысты көңіл айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызетіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Президент әйгілі футболшы Пеленің қайтыс болуына байланысты көңіл айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызетіне сілтеме жасап.

Қасым-Жомарт Тоқаев даңқты футболшы, үш дүркін әлем чемпионы Пеленің қайтыс болуына байланысты Бразилия президенті Жаир Болсонаруға көңіл айту жеделхатын жолдады.

Мемлекет басшысы футбол тарихындағы ұлы спортшылардың бірі ретінде оның футболды бүкіл әлемге танытуға зор үлес қосқанын атап өтті. Президенттің айтуынша, Пеле әрқашан футболға деген адалдықтың символы әрі жанкүйерлердің сүйікті футболшысы болды және солай болып қала береді.

Сондай-ақ, ол спорттың осы түрін ең жоғары деңгейге көтерді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети