Польшалық қақпашы Қазақстанмен өтетін ойынның алдында Боратты есіне алды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Польшалық қақпашы Қазақстанмен өтетін ойынның алдында Боратты есіне алды Артур Боруц. © realfootbaall.com

Польша құрамасының қақпашысы Артур Боруц әлем чемпионаты-2018 квалификациялық кездесуде Қазақстанмен болатын ойынның алдында Боратты есіне алды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Польша құрамасының қақпашысы Артур Боруц әлем чемпионаты-2018 квалификациялық кездесуде Қазақстанмен болатын ойынның алдында Боратты есіне алды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Польша құрамасы Астанаға 3 қыркүйекте келген. Қалада серуендеп Rixos President Astana қонақүйіне келген ол Instagram желісіндегі парақшасында пост қалдырған. Ол онда: "Борат айтпақшы "Бұл өте жақсы" - деп жазған. Бірнеше уақыттан соң қақпашы жазбасын өшіріп тастаған.

Еске салайық, Подольски Чемпиондар лигасының топтық кезеңіндегі тартылған жеребенің қорытындысынан кейін әлеуметтік желідегі парақшасында былай деп жазды: "Ерекше күтемін". Кейін "Борат" деген кейіпкердің суретін қойды. Кейінірек ол Қазақстан халқынан кешірім сұрады. "Борат туралы твитім үшін кешірім сұраймын, бұл тек әзіл болған еді. Қазақстан мен қазақстандықтарды мазақ еткім келмеген", - деді Подольски.

Қазақстан - Польша құрамаларының кездесуі 4 қыркүйекте "Астана Арена" стадионында жергілікті уақыт бойынша сағат 22.00-де басталады. "Қазақстан" телеарнасы тікелей эфирден көрсететін болады.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети