"Барселона" клубының бұрынғы шабуылшысы Неймар француздық "Пари Сен-Жермен" клубына өтпестен бұрын каталониялық клубтың президенті Жозеп Бартомеодан келісімшарт жасаспауын өтінген, - деп жазады Marca.
"Барселона" клубының бұрынғы шабуылшысы Неймар француздық "Пари Сен-Жермен" клубына өтпестен бұрын каталониялық клубтың президенті Жозеп Бартомеодан келісімшарт жасаспауын өтінген, - деп жазады Marca.
Дереккөз мәліметінше, Неймар екі рет куәгерлердің көзінше Бартомеуге өтініш айтқан. Ол клуб президентінен "ПСЖ-ға" ауыспау үшін қолдан келгеннің барлығын жасауды сұраған. Алайда футболшының әкесі әрі агенті келісімшарттан бас тартпайтынын айтқан. Оған ұлының жұрт назарында болғаны және газеттердің мұқабасына шыққаны ұнаған.
Испаниялық БАҚ соңғы кездері Неймардың жаңа клубқа ауысуы жайлы шешімі туралы өкініп жүргенін және бұрынғы командасымен өткізген ойындарын сағынып жүр деседі. Сонымен қатар, бразилиялық футболшы ПСЖ-ның бас бапкері Унаи Эмеримен жанжалдасып жүргені де бар екен.
Басында Неймардың басқа клубқа ауысуына басты себеп аргентиналық футболшы Лионель Мессидің көлеңкесінде жүргісі келмегені деп айтылған еді. Сондай-ақ, Неймарды бразилиялық футболшының сатып алатыны жайлы да мәліметтер тарап жатыр.
10 қарашада Неймар "Барселона" ойыншыларынан клубқа қайтып оралуына рұқсат беруін сұраған еді. Ол каталониялық клубтан 2017 жылы жазда "ПСЖ" клубына 222 миллион еуроға келді.