ПСЖ Мессидің таныстырылымы үшін Эйфель мұнарасын жалға алды - БАҚ

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент
viewings icon 603 comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото ©REUTERS Фото ©REUTERS

Францияның "Пари Сен-Жермен" футбол клубы (ПСЖ) аргентиналық шабуылшы Лионель Мессидің таныстырылымы үшін Эйфель мұнарасын жалға алған. Бұл туралы халықаралық БАҚ-та жазылып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Lance басылымына сілтеме жасап.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Францияның "Пари Сен-Жермен" футбол клубы (ПСЖ) аргентиналық шабуылшы Лионель Мессидің таныстырылымы үшін Эйфель мұнарасын жалға алған. Бұл туралы халықаралық БАҚ-та жазылып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Lance басылымына сілтеме жасап.

Бұл туралы алғаш рет El Chiringuito спорт бағдарламасының журналисі Хосе Альварес мәлім етті. Ақпарат бойынша, футболшының таныстырылымы 10 тамызда өтеді деп жоспарланған.

Айта кетейік, 2017 жылы ПСЖ "Барселонадан" француз клубына трансфер жасаған Неймардың таныстырылымы үшін де мұнараны жалдаған болатын.

The Guardian журналисі Фабризио Романо Франция клубы Аргентина жұлдызымен келісімшартқа қол қоюға жақын екенін айтты. Келісім 2023 жылдың маусымына дейін жарамды.

Испан газеті мәліметінше, ПСЖ Мессиді алғысы келетін жалғыз бәсекеге қабілетті клуб. "Манчестер Сити" футболшыны клубқа алу ниеті жоқ екенін жеткізді. Мессидің ПСЖ-ге ауысу туралы мәмілесі бұзылса, бұл үлкен жаңалық болады.

Еске салайық, алдыңғы аптадан бері Лионель Месси "Барселонадан" кетіп, "ПСЖ"-ға ауысатыны айтылып жүр. Тіпті жаңа клубтағы жалақысы да аталған еді.

Айта кетейік, Лионель Месси "Барселонада" 2000 жылдан бері ойнап келеді келеді және 2003 жылдан бері негізгі құрамда өнер көрсеткен. Ол Испания чемпионатында 10 жеңіс, Испания Кубогі мен Суперкубогінде 7 реттен, Чемпиондар Лигасында 3 рет, Еуропа Суперкубогінде және клубтық ӘЧ-де 3 рет чемпион атанған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Комментарий отправлен на модерацию
Пікірлер news 0
Комментарии проходят модерацию редакцией

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 502.8  course up  547.58  course up  5.95  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы
14°C Қазір алабұлтты, жағымды ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro

Оставьте свой email и мы будем присылать вам самое главное за неделю