"ПСЖ" форварды бос қақпаға гол сала алмады

ПОДЕЛИТЬСЯ

"ПСЖ" форварды бос қақпаға гол сала алмады

"Пари Сен-Жермен" клубының 30 жастағы камерундық футболшысы Эрик Чупо-Мотинг Франция чемпионатының 31-турында "Страсбургпен" өткен кездесуде өрескел қателік жасады, - деп хабарлайды "Бомбардир".

Кездесу жексенбіде Париждегі "Парк де Пренс" стадионында өтіп, 2:2 есебімен аяқталды. Камерундық 13-минутта гол соқты. Ал 28-минутта форвардтың дубль жасауға айқын мүмкіндігі болған. Жартылай қорғаушы Кристофер Нкунку допты қақпашының үстінен асырып тепкен, осы кезде Чупо-Мотинг қақпаның дәл алдында тұрып допты бағыттаудың орнына бағанаға тепкен. Салдарынан доп қарсылас команда ойыншыларының иелігіне түсті. 

BT Sport комментаторлары мұндайды бірінші рет көргенін айтып, ғасырдың ең өрескел қателігі деп атады.

Матч аяқталған соң ойыншы өз қатесін түсіндірді. 

"Мен бастапқыда Нкунку маған пас береді деп ойладым, қорғаушы допқа таласатындай көрінді, сосын мен офсайдқа қалып қойдым ба деген ой келді... Өкінемін. Титулды иелену үшін енді келесі кездесуде барымызды саламыз", - деп келтіреді футболшының сөзін Euro-Football. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети