"Қайрат" - "Абердин" матчы тікелей эфирден көрсетілмейтін болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Қайрат" - "Абердин" матчы тікелей эфирден көрсетілмейтін болды © "Қайрат" ФК

Kazsport телеарнасы "Қайрат" футбол клубының шотландиялық "Абердин" клубына қарсы жауапты матчын көрсетпейтін болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі телеарнаның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Айта кетейік, "Қайрат" пен "Абердин" құрамаларының екінші кездесуі 6 тамыз күні Абердин қаласында (Шотландия) өтеді.

Телеарнаның мәліметінше, шотландиялық телевизия өкілдері бұл ойынның түсірілімін өткізбейтіндері туралы ресми хат жолдаған.

"Осы маусымда біздің құрамаларымыздың Еуропа кубоктарындағы матчтарын осымен бірнеше рет көрсете алмай отырмыз. Мысалы "Астана" мен "Марибор" футбол құрамаларының арасындағы кездесудің бірінші ойынның телевизиялық көрсетілімін көрермендерімізге ұсына алмадық. Словенияның телеарналары Мариборда өткен матчты түсіруден де,  көрсетуден де, себептерін түсіндіруден де бас тартты. Біз соңғы уақытқа дейін сол матчты көрсету үшін бар күшімізді салдық, алайда қолымыздан келмеді, "Абердин" мен "Қайрат" арасындағы матчты да көрсетуге мүмкіндік болмай тұр",- Kazsport телеарнасының бас продюсері Павел Цыбулин.

Еске сала кетейік, шотландтық және қазақстандық құрамалар арасындағы бірінші кездесу 30 шілде күні Алматы қаласының Орталық стадионында өтті. Ол 2:1 есебімен Қайраттың жеңісімен аяқталды. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети