"Қайрат" - "Бордо": Абай даңғылының бойында қозғалыс шектеледі

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Қайрат" - "Бордо": Абай даңғылының бойында қозғалыс шектеледі © kolesa.kz

Бүгін, 27 тамызда Абай даңғылының бойында Байтұрсынов пен Байзақов көшелерінің арасы 19:45 - 20:45 аралығында және ойыннан кейінгі уақытта 22:30 - 23:30 аралығында жол шектеледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қайрат" футбол клубының ресми сайтына сілтеме жасап. Алайда қоғамдық көліктерге бұл шектеулердің қатысы болмайтыны айтылады.

"Қала бойынша қозғалыстарыңызды алдын ала ойлап алуларыңызды сұраймыз", - делінген хабарламада. Мұнымен бірге, жанкүйерлер үшін "Балуан Шолақ" Спорт Сарайының автотұрағы (Байтұрсынов көшесінің жағынан кіру) жұмыс істейді және көліктерді Байтұрсынов көшесінің бойындағы автотұраққа қоюға болады. 

"Қайрат" ФК кептеліс туындамауы үшін жанкүйерлердің стадионға ерте келуін сұрайды", - делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, бүгін кеште Алматының Орталық стадионында алматылық "Қайрат" футбол клубы Еуропа лигасының плей-офф раундында француздың "Бордо" командасымен кездеседі. Ойын 20.45-те басталады. Ойынды "Қазақстан" телеарнасы тікелей эфирде таратады.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 505.17  course up  598.8  course up  6.58  course down

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети