"Қайрат" Еуропа Лигасының плей-офф кезеңінде "Бордо" клубымен бірінші кездесуін өткізеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Қайрат" Еуропа Лигасының плей-офф кезеңінде "Бордо" клубымен бірінші кездесуін өткізеді © Massaget.kz

21 тамызға қараған түні алматылық "Қайрат" клубы Еуропа Лигасының плей-офф кезеңінде Францияның "Бордо" командасына қарсы алғашқы матч өткізеді. Екі команда арасындағы кездесу Бордоның "Стад Бордо-Атлантик" стадионында Астана уақыты бойынша сағат 00.30-да басталады. Матчты "Қазақстан" арнасы тікелей эфирде таратады, - деп хабарлайды Vesti.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ

21 тамызға қараған түні алматылық "Қайрат" клубы Еуропа Лигасының плей-офф кезеңінде Францияның "Бордо" командасына қарсы алғашқы матч өткізеді. Екі команда арасындағы кездесу Бордоның "Стад Бордо-Атлантик" стадионында Астана уақыты бойынша сағат 00.30-да басталады. Матчты "Қазақстан" арнасы тікелей эфирде таратады, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Tennisi.kz букмекерлік кеңсесінің болжамы бойынша, бұл кездесуде "Бордо" 1:0 есебімен жеңіске жетеді. Команданың жеңу коэффициенті - 5.30. Владимир Вайсс шәкірттерінің 1:0 есебімен жеңу коэффициенті - 19.00. Ойынның 0:0 болып аяқталуына қойылған коэффициент - 10.30.

19 тамызда "Қайрат" Францияға барды.

Кездесу алдында Бордо қаласында Владимир Вайсстың қатысуымен баспасөз мәслихаты өтті. "Қайраттың" бапкері кездесуден "топтан шығуға таласуға мүмкіндік туғызатындай нәтиже" күтетінін жеткізді. "Өз алаңында қабылдаған команда екінші ойынға күшін сақтайды, ал біз болсақ жауапты ойынның қарсыластарымызға қиын болуы үшін барымызды саламыз", - деді Вайсс. "Ертең қолымыздан не келетінін көрсетеміз", - деді ол.

Владимир Вайсс. © "Кайрат" ФК 

"Бордо" президенті Жан-Луи Трио өз кезегінде клубтың ресми сайтына сұхбат беріп, Еуропа Лигасының топтық кезеңіне жолдама алудың маңызын, сонымен қатар, шәкірттерінің мұндай командамен бұрын ойнамағанын айтты. "Иә, мен олар туралы көп білмеймін. Дегенмен жеңу маңызды болғандықтан тырысамыз. Биыл Еуропа Лигасы біз үшін маңызды. Шынымды айтсам, мұндай қашық жерге бару ыңғайсыз. Қытайдан жүз шақырым қашықтықта жатқан ел үшін жеті сағат ұшу қолайлы емес. УЕФА-ның бұрынғы КСРО-ның орнына 25-30 футбол командасын құруы өрескел шешім. Бәрібір командамызға бұл тәжірибе болады. Қазақстанда көп команда ойнап үлгерді деп ойламаймын", - деді Трио.

Жан-Луи Трио. © fcbordeaux.ru

20 тамызда "Қайрат" футболшылары "Стад де Бордо" жаңа стадионында жаттығу өткізді.

© "Кайрат" ФК 

 
Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети