"Қайрат" Оңтүстік Корея футболшысының алматылық клубқа ауысқанын хабарлады

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Қайрат" Оңтүстік Корея футболшысының алматылық клубқа ауысқанын хабарлады Сурет "Қайрат" ФК сайтынан

"Қайрат" Оңтүстік Корея футболшысы Хан Чжон Вудың алматылық клубқа ауысқанын туралы мәлімдеді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Қайрат" Оңтүстік Корея футболшысы Хан Чжон Вудың алматылық клубқа ауысқанын туралы мәлімдеді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Легионер әр түрлі позицияда өнер көрсете алады. Хан Чжон Вумен келісімшарт 2+1 жүйесімен жасалған. Осылайша, кореялық футболшы "Қайрат" сапында екі маусым қатарынан өнер көрсетіп, үшінші маусымда келісімді қайта қарастыра алады. 

Сеул қаласының тумасы 9 жасынан бастап футболға қызыққан. 2014-2016 жылдары аралығында "Йонгвун" командасының намысын қорғады. Өткен маусымда ол "Сунгсиль" клубында шабуылшы хавбек рөлін атқарды. 

Хан Чжон Ву сол аяғының соққысымен танымал болған. Ол әр түрлі позицияда өнер көрсете алады: сол вингер, орталық жартылай қорғаушы, сондай-ақ оң вингер.

2016 жылы ол Оңтүстік Корея жасөспірімдер құрамасы (U-18) сапында екі ойын өткізді. Екі ойында да ол ағылшын футболшыларына қарсы ойнады. 

Қазіргі уақытта "Қайраттың" жаңа футболшысы Токиода өтетін жазғы Олимпиада ойындарына қатысуға мүмкіндігі бар. 

Осылайша, Хан Чжон Ву қысқы маусымаралықта "Қайрат" сапына ауысқан үшінші легионер және төртінші жаңа ойыншы. Осыған дейін, алматылық клубқа сербиялық қорғаушы Раде Дугалич, польшалық жартылайқорғаушы Конрад Вржещиньский және Қазақстан құрамасының хавбегі Еркебұлан Тұңғышбаевтың ауысқаны туралы хабарланған еді. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети