"Қайрат" польшалық футболшы үшін қанша төлегені белгілі болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Қайрат" польшалық футболшы үшін қанша төлегені белгілі болды Фото: instagram.com/jacek_goralski

Алматылық "Қайраттың" футболдан Польша құрамасының жартылай қорғаушысы Яцек Гуральскиді қаншаға сатып алғаны белгілі болды, - деп хабарлайды Vesti.kz

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматылық "Қайраттың" футболдан Польша құрамасының жартылай қорғаушысы Яцек Гуральскиді қаншаға сатып алғаны белгілі болды, - деп хабарлайды Vesti.kz

27 жастағы хавбектің "Қайратқа" ауысқаны ресми түрде 19 қаңтарда хабарланған. Гуральски алматылық клубпен үш жылға келісімшартқа отырған. 

Transfermarkt порталының мәліметі бойынша, "Қайрат" ойыншы үшін миллион еуро төлеген. Қазір трансферлік нарықта футболшының құны - 3 миллион еуро. 

Гуральскидің соңғы клубы болгариялық "Лудогорец" болған. Бұл клубта ол 2017 жылдан бері ойнады. 

Ал Польша құрамасында Гуральски 2016 жылы қарашада дебютін өткізген. 2018 жылы жазда футболшы Ресейде өткен әлем чемпионатына қатысты. Ұлттық құрама сапында 13 матч өткізіп, бір гол соққан. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети