"Қайсар" футбол клубының ойыншылары Илья Ильиннің суреті бейнеленген жейделерді киіп шықты

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Қайсар" футбол клубының ойыншылары Илья Ильиннің суреті бейнеленген жейделерді киіп шықты Райхан Тәжібаева © 24.kz

Қызылордалық "Қайсар" футбол клубының ойыншылары "Бәйтерек" футбол клубына қарсы алғашқы чемпиондар лигасының матчіне жерлесін, ауыр атлетикадан екі дүркін Олимпиада чемпионы мен төрт дүркін әлем чемпионы Илья Ильинді қолдау мақсатында арнайы жейде киіп шықты, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Жейделерде Ильиннің суреті салынып, "Илья, біз сенімен біргеміз" деген жазу жазылған.

"Қайсар'' футбол клубының "Вконтакте" желісіндегі парақшасынан алынған сурет

Еске салайық, осыған дейін Ильиннің Лондонда 2012 жылы өткен Олимпиадада алынған сынамасында қанында тыйым салынған заттардың бар болып шыққаны белгілі болған еді. Сонымен қатар, тағы үш қазақстандық ауыратлеттің қанынан допинг табылған болатын. Кейін Ильиннің 2008 жылғы Бейжің Олимпиадасындағы допинг-сынамасы тыйым салынған заттың барын көрсетті.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети