Қазақстан ФИФА рейтингінде үш саты төмен сырғыды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстан ФИФА рейтингінде үш саты төмен сырғыды Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы. ©sports.kz

Халықаралық футбол қауымдастығы (ФИФА) ұлттық құрамалардың маусым айындағы рейтингін жариялады. Жаңа тізімде футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы үш саты төмен сырғыған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz ФИФА-ның ресми сайтына сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Халықаралық футбол қауымдастығы (ФИФА) ұлттық құрамалардың маусым айындағы рейтингін жариялады. Жаңа тізімде футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы үш саты төмен сырғыған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz ФИФА-ның ресми сайтына сілтеме жасап. 

Мамыр айының қорытындысы бойынша біздің құрама 124-сатыда болатын. Ал жаңа тізімде Юрий Красножан баптайтын Қазақстан құрамасы 127-орынға жайғасыпты. Құрамамыздың қоржынында 220 ұпай бар. Тізімде ТМД елдері ішінен Тәжікстан (124-орын), Литва (104-орын), Латвия (103 орын), Әзірбайжан (83 орын) сынды құрамалар Қазақстаннан жоғары тұрса, Түрікменстан (140-орын), Қырғызстан (144-орын) артымызда келеді. 

Жаңартылған тізімнің көшбасшылар қатарында бірқатар өзгерістер бар. Өткен айдың қорытындысы бойынша ФИФА рейтингінде екінші орында тұрған Германия құрамасы Бразилияде өткен әлем чемпионатын жеңіп алғаннан кейін, бірінші сатыға көтерілген. Екінші орында әлем бірінішлігінің күміс жүлдегерлері Аргентина құрамасы. Үздік үштікті Бразлия құрамасы түйіндеп тұр. 

Айта кетейік, маусым айында Қазақстан құрамасы Венгриямен жолдастық кездесу өткізіп, 0:3 есебімен жеңіліп қалған болатын. Енді біздің құрама 13 тамыз күні Алматының Орталық стадионында Хорватия құрамасымен жолдастық кездесу өткізеді. 

ФИФА рейтингі: 

1 (2). Германия — 1724 ұпай
2 (5). Аргентина — 1606
3 (15). Нидерланды — 1496
4 (8). Колумбия — 1492
5 (11). Бельгия — 1401
6 (7). Уругвай — 1330
7 (3). Бразилия — 1241
8 (1). Испания — 1229
9 (6). Швейцария — 1216
10 (17). Франция — 1202

102 (101). Молдова — 325
103(109). Латвия — 314
104 (106). Литва — 312
124(126) Таджикистан — 232
127 (124). Казахстан — 220
140 (143). Туркменистан — 183
144 (149).Киргизия — 183. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети