Қазақстан қыздары Болгария құрамасын күйрете жеңді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстан қыздары Болгария құрамасын күйрете жеңді Фото kff.kz сайтынан

Футболдан әйелдер арасындағы Қазақстан ұлттық құрамасы елордада Болгария қыздарын қабылдап, 4:1 есебімен ойсырата жеңді, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Футболдан әйелдер арасындағы Қазақстан ұлттық құрамасы елордада Болгария қыздарын қабылдап, 4:1 есебімен ойсырата жеңді, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

2015 жылы Канадада өтетін әйелдер арасындағы әлем чемпионатының іріктеу додасы аясындағы Еуропаның 7-електік тобында ойнайтын екі елдің қыздары Астанада кездескен болатын.

Бұл осы екі елдің қыздарының арасындағы екінші ойын еді. Өткен күзде, яғни 23 қазанда Болгарияда өткен матч 1:1 есебімен аяқталған. Сондықтан өз жерімізде қыздарымыздан тек жеңіс күткен едік.

Бір-біріне қабаттас келген мереке күндері теңбіл доп қуған аруларымыз сенімді ақтады. Елордадағы "Астана-Арена" стадионында Болгария құрамасын ірі есеппен ұтты.

Бұл жеңіс қыздарымыздың өздеріне деген сенімділіктерін арттырып, қанаттандыра түсті. Енді Қазақстан қыздары 14 маусым күні Венгрия құрамасын қабылдайды. Шыны керек, жеңіске деген тәбетіміз ашылып, сол ойында да қыздарымыз жанкүйерлерін қуантады деп сенеміз.

Қазақстан – Болгария – 4:1
Голдар: Жанатаева, 9 (1:0). Қырғызбаева, 21 (2:0). Қырғызбаева, 34 (3:0). Кирева, 43 (3:1). Ялова. 70 (4:1).

Қазақстан: Железняк, Николаенко (Идиатуллина, 14), Жолшиева, Красюкова, Мясникова, Жанатаева, Иванова, Қырғызбаева, Кәрібаева (Алякина, 65), Вылданова, Ялова (Бабшук, 90).

Болгария: Шаханска, Махлелиева, Ражгева, Радойска, Петракиева (Господинова, 61), Асенова, Начева, Петрунова, Кошулева, Кирева (Папазова, 76), Попадийнова (Георгиева, 81).

Бас төреші: Каролина Радзик-Йохан (Польша)

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети