Қазақстан Ресеймен өткен ойында есе жіберді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстан Ресеймен өткен ойында есе жіберді © РИА Новости

Футболдан Қазақстан құрамасы 2020 жылы өтетін Еуропа біріншілігіне іріктеу кезеңінде Ресейден жеңілді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Футболдан Қазақстан құрамасы 2020 жылы өтетін Еуропа біріншілігіне іріктеу кезеңінде Ресейден жеңілді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Калининградта өткен I тобының алтыншы айналымында 1:0 есебімен алаң иелері басым түсті. 

Ойын басталғанда Қазақстан құрамасының сапында Бауыржан Исламхан болмады, ол алаңға 651-ші минутта шықты. Бірінші тайм тең аяқталды. Ойынның 63-ші минутында Ресей құрамасында бірден үш адам ауысты. Қазақстан құрамасы дереу контршабуылға көшті, алайда қақпашыға айтарлықтай қауіп төндіре алмады. 

Ойын соңында (89-шы минутта) Ресей құрамасында өнер көрсетіп жүрген бразилиялық Марио Фернандес өз командасына жеңіс алып келді. 

Айта кетейік, 6 қыркүйекте Қазақстан құрамасы Кипр футболшыларымен тең ойнады. Ойын Никосия қаласында өтті және есеп 1:1 болды.

Келесі ойындарды Қазақстан құрамасы өз алаңында өткізеді: 10 қазанда Кипр құрамасы, 13-нде Бельгия. Қарашада Сан-Марино мен Шотландияға қарсы ойындар бар. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети