Қазақстандық футболшы "мама" деген жазуы бар бутсыға тапсырыс берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандық футболшы "мама" деген жазуы бар бутсыға тапсырыс берді Жамбыл Көкеев. Сурет "Қайрат" ФК-ның сайтынан алынған

Алматылық "Қайраттың" жартылай қорғаушысы Жамбыл Көкеев Instagram желісіндегі парақшасына "мама" деген жазуы бар жаңа бутсыларының суретін жариялады, - деп хабарлайды Vesti.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматылық "Қайраттың" жартылай қорғаушысы Жамбыл Көкеев Instagram желісіндегі парақшасына "мама" деген жазуы бар жаңа бутсыларының суретін жариялады, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Порталдың мәліметінше, футболшы өткен маусымды жаттығу кезінде аяғының сынуына байланысты өткізіп алған болатын. Биыл Көкеев "Қайрат" құрамына қайта оралды. Казақстан премьер-лигасы 19 турының "Шахтер" мен "Қайрат" арасындағы матчында ол командасының бесінші голын соқты және алматалықтар 5:0 есебімен жеңіске жетті.

Айта кетейік, ҚПЛ футболшыларының арасында түрлі жазбасы бар бутсы кию кеңінен тараған. Футболшылар көбінесе туған күндерін, өздерінің, әйелдерінің немесе балаларының есімдерін жаздырады. Ал "Астана" ФК және Қазақстан құрамасының шабуылшысы Бауыржан Жолшиев сәуірде Allah деген жазуы бар бутсыға тапсырыс берген болатын.

 
Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети