Қазақстанның Түркияны жеңуге әлі жетеді - ФИФА төрешісі

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанның Түркияны жеңуге әлі жетеді  - ФИФА төрешісі Равшан Ирматов. © gazeta.uz

Өзбекстанның белгілі төрешісі, ФИФА төрешісі Равшан Ирматов Қазақстан құрамасы мен Түркия командасының арасындағы матчқа қатысты өз ойын айтты, - деп хабарлайды Vesti.kz Қазақстан футбол федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Өзбекстанның белгілі төрешісі, ФИФА төрешісі Равшан Ирматов Қазақстан құрамасы мен Түркия командасының арасындағы матчқа қатысты өз ойын айтты, - деп хабарлайды Vesti.kz Қазақстан футбол федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Мен алты ай бұрын Түркия мен Бразилия арасында өткен жолдастық кездесуде төрелік еттім, ол Стамбұлда болған еді. Сол ойында бразилиялықтар 4:0 есебімен жеңіске жетті. Таяуда Қазақстан - Буркина-Фасо кездесуінде жұмыс істедім. Сөйтіп, екі команданың да ойынын көрдім. Мен Қазақстанның Түркиямен күресуге, тіпті жеңуіне әлі жетеді дер едім. Оның үстіне, қазақстандықтар өз үйлерінде ойын көрсетеді, жанкүйерлері де бірге. Қазір Түркия қиын кезеңді басынан кешіріп жатыр, сондықтан Қазақстан құрамасының бұл матчта оң нәтижеге қол жеткізуіне әбден болады деп ойлаймын", - деді Равшан Ирматов.

Сонымен қатар, Ирматов Қазақстан құрамасына сәттілік тіледі.

"Көршілерімізге тілек білдіргім келеді, сәттілік қазақстандық футболшылар жағында болсын, футболда сәттілік маңызды роль атқарады", - деді ол.

Еске сала кетейік, бүгін, 12 маусымда Қазақстан және Түркия ұлттық құрамалары 2016 жылғы Еуропа чемпионатының електік додасы аясында кездеседі. Матч Алматыдағы Орталық стадионда өтеді, басталуы 22.00-де. Ойынды "Қазақстан" телеарнасы тікелей эфирден көрсетеді.

 
Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети