Қызылордада Тимур Сегізбаев жүлдесі сарапқа салынды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қызылордада Тимур Сегізбаев жүлдесі сарапқа салынды Фото Қызылорда облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметінен алынды

Қызылордада КСРО спорт шебері, ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы, әйгілі қазақ футболшысы Тимур Сегізбаевтың жүлдесі үшін жасөспірімдер арасында республикалық дәстүрлі турнир өтті, деп хабарлайды Tengrinews.kz аталған облыстың дене шынықтыру және спорт басқармасы баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қызылордада КСРО спорт шебері, ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы, әйгілі қазақ футболшысы Тимур Сегізбаевтың жүлдесі үшін жасөспірімдер арасында республикалық дәстүрлі турнир өтті, деп хабарлайды Tengrinews.kz аталған облыстың дене шынықтыру және спорт басқармасы баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

2000-2001 жылдары туған жеткіншектер арасындағы доп додасы биыл алтыншы рет ұйымдастырылды. Биылға додаға Ақтөбе облысы, Байқоңыр, Қызылорда қалалары мен осы облыстағы аудандардан 10 команда, яғни 160 футболшы қатысты.

Балалар мен жасөспірімдер арасында футболды дамыта түсу, олардың спортпен тұрақты түрде шұғылдануына ықпал жасау, салауатты өмір салтын насихаттау, жас футболшылар мен ардагер футболшылар арасындаңы сабақтастықты жалғастыру мақсатында ұйымдастарылған турнирде Тимур Сегізбаевқа ұлттық дәстүрмен иығына шапан жауып, құрмет көрсетілді, деп хабарлайды Қызылорда облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметі.

Облыс әкімі Қырымбек Көшербаев турнир жеңімпаздары мен жүлдегерлерін құттықтап, әр аудан орталықтарында футбол алаңдары заманауи талапқа сай қайта қалпына келтіріліп, жаңадан стадиондардың салынып, Сыр өңірінде футбол жоғары қарқынмен дамып келе жатқандығын айрықша атап өткен.

Теңбіл доп додасының қорытындысында Қызылорда облысының №6 балалар мен жасөспірімдер футбол спорт мектебінің оқушылары жеңімпаз атанған. Екінші орынды "Қайсар" дайындық тобы, үшінші орынды Қазалы ауданынан келген команда иеленген.

Мына номинациялар бойынша турнирдің үздік ойыншылары анықталған:

Үздік қақпашы – Қанатбай Нұрым (Қазалы ауданы),
Үздік қорғаушы – Сахитжан Нақышев (Арал ауданы),
Үздік жартылай қорғаушы – Руслан Мақан ("Қайсар" дайындық тобы),
Үздік шабуылшы – Нұрсәт Сайлаубаев (Ақтөбе обл.),
Ең үздік ойыншы – Сәбит Шегебай (Қызылорда),
Үздік төреші – Тимур Айтбаев (Қызылорда).

Жас футболшыларды, сондай-ақ жеңімпаздар мен жүолдегерлерді КСРО спорт шебері, ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы Тимур Сегізбаев, ҚР күрес федерациясының құрметті президенті, даңқты балуан Дәулет Тұрлыханов, ҚР футбол федерациясының Бас хатшысы Аллен Шайжүнісов және ҚР кәсіпқой футбол лигасының төрағасы Михаил Гурман марапаттады.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети