"Реал" Чемпиондар лигасын үшінші рет қатарынан жеңіп алды

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Реал" Чемпиондар лигасын үшінші рет қатарынан жеңіп алды © REUTERS/Kai Pfaffenbach

Мадридтік "Реал" үшінші рет қатарынан Чемпиондар лигасын жеңіп алды, деп хабарлайды Vesti.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мадридтік "Реал" үшінші рет қатарынан Чемпиондар лигасын жеңіп алды, деп хабарлайды Vesti.kz.

Киевте өткен турнир финалында корольдік клуб ағылшындардың "Ливерпуль" командасын 3:1 есебімен жеңді. Командалар бірінші таймда есеп аша алмаған еді.

Бірінші гол 51-минутта соғылды, оны Карим Бензема соқты. 54-минутта Сидио Мане есепті теңестірді.

63-минутта Гарет Бейл "Реалды" алға шығарып, 83-минутта тағы бір гол соқты. 

Айта кетейік, бұл "Реал" үшін Чемпиондар лигасындағы 13-нші жеңіс және бұл - рекорд. Мадридтік клуб үшінші жыл еуропалық басты турнирді жеңіп отыр.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети