"Реал" Моуриньоны қайтарғысы келеді - БАҚ

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© інфоспорт © інфоспорт

Мадридтік "Реал" клубы Жозе Моуриньоны маусым аяқталысымен бас бапкер ретінде командаға шақырып, португалиялық маманға жыл сайын 20 миллион еуролық келісімшарт ұсынбақшы, - деп хабарлайды РИА Новости.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Мадридтік "Реал" клубы Жозе Моуриньоны маусым аяқталысымен бас бапкер ретінде командаға шақырып, португалиялық маманға жыл сайын 20 миллион еуролық келісімшарт ұсынбақшы, - деп хабарлайды РИА Новости.

El Pais басылымының мәліметінше, "Корольдік клуб" басында Моуриньоға жылына 15 миллион еуро ұсынған, сондай-ақ құрамның нығайатынына сөз беріп, жаңадан келетіндерді өзі таңдауына мүмкіндік берген. "Реал" басшылығы бірінші ұсыныстың жаубын күтпей жатып, жылына 20 миллион жалақы беру туралы ұсыныс жасаған. Қос тарап арасындағы бейресми байланыстар қазанда басталған.

Daily Mail басылымы испаниялық клуб "Манчестер Юнайтедке" 5 миллиион еуро өтемақы төлемеу үшін 1 шілдеде Моуриньоны тағайындауды көздеп отырғанын жазады. 

Сейсенбіде Моуриньо "Юнайтед" клубының бас бапкері қызметінен кететіні туралы хабарлады. Оның орнына маусым аяқталғанға дейін норвегиялық Уле-Гуннар Сульшер басқаратын болады. Моуриньо 2010-2013 жылдары аралығында "Реалды" басқарды. Оның басшылығымен елордалық команда Испания чемпионы және ел кубогының иегері атанды. 

Қазіргі уақытта "Реалды" аргентиналық Сантьяго Солари жаттықтырады. 29 қазанда Хулен Лопетеги "Реал" бас бапкері қызметінен кеткеннен кейін, ол 2021 жылдың 30 шілдесіне дейін келісімшартқа отырған.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 517.1  course up  588.21  course up  6.23  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro