06 сәуір 2016 13:44

"Реал" Роналдумен қош айтысуы мүмкін - БАҚ

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Espnfc.com © Espnfc.com

"Реал" клубының басшылығы Криштиану Роналдумен қош айтысуға дайын. Бұл жөнінде белгілі тілші Гильем Балаге Sky Sports парақшасы арқылы хабарлады, - деп жазды Vesti.kz.


"Реал" клубының басшылығы Криштиану Роналдумен қош айтысуға дайын. Бұл жөнінде белгілі тілші Гильем Балаге Sky Sports парақшасы арқылы хабарлады, - деп жазды Vesti.kz.

Дереккөздің мәліметінше, "Корольдік клубтың" президенті Флорентино Перес Португалия құрамасының футболшысын 60 миллион еуроға сатуға дайын. Ойыншының агенттері тиімді шешім қабылдау мақсатында қазір келіссөздер жүргізіп жатыр. Роналду болса өзіне қызығушылық танытқан клубтардан 20-25 миллион еуро көлемінде жалақы сұрап отыр.

Сонымен қатар, португалиялық спортшының Испаниядағы екі бірдей үйін сатылымға қойғаны анықталды. Бұл футболшының "Реал" клубынан кетуіне байланысты болуы мүмкін.

Айта кетейік, Роналду қайған талаптарға ағылшынның "Манчестер Юнайтед" және француздың "Пари Сен-Жермен" клубтары қызығушылық танытқан болатын.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети