Роналдиньо 5 айдан кейін қамаудан босатылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Роналдиньо 5 айдан кейін қамаудан босатылды Фото: uznayvse.ru

Парагвайда танымал бразилиялық футболшы Роналдиньо мен оның ағасы қамаудан босатылды, - деп хабарлайды РИА Новости.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Парагвайда танымал бразилиялық футболшы Роналдиньо мен оның ағасы қамаудан босатылды, - деп хабарлайды РИА Новости.

Франс Пресс агенттігінің мәліметінше, сот отырысы дүйсенбіде өткен. Роналдиньо 90 мың доллар, ал оның ағасы Роберто де Ассис Морейра 110 мың доллар көлемінде айыппұл төлеуі керек.

"Әрбір 3 ай сайын футболшы мен оны ағасы Бразилия сотына барып тұруы қажет. Роналдиньо бір жыл, ағасы 2 жыл бақылауда болады. Спортшының жүріп-тұруына шектеу қойылмаған. Алайда ол тұрғылықты мекенжайын өзгертсе, оны сотқа ескертуі керек", - деп жазады басылым. 

Айта кетейік, 7 наурызда Роналдиньо мен оның ағасы Парагвайда ұсталған еді. Оларға жалған паспорт жасады деген айып тағылған болатын. Осы жылдың сәуірінде сот отырысы басталып, судья Густаво Амарилья Роналдиньоны 1,6 миллион доллар кепілдікпен босатты. Осыдан бері ол ағасымен бірге Асунсьон орталығындағы қонақүйде болды.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети