Роналду Чемпиондар лигасында рекорд жаңартты

Жансая Қадыржанова
Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Роналду Чемпиондар лигасында рекорд жаңартты ©REUTERS

"Манчестер Юнайтедтің" португалиялық шабуылшысы Криштиану Роналду Чемпиондар лигасында жаңа рекорд орнатты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Goal сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Манчестер Юнайтедтің" португалиялық шабуылшысы Криштиану Роналду Чемпиондар лигасында жаңа рекорд орнатты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Goal сайтына сілтеме жасап.

Криштиану Роналду "Манчестер Юнайтедте" соғылған голдар саны бойынша өзінің қазіргі рекордынан асып түсті. Роналду 2021-2022 жылғы Чемпиондар лигасының топтық кезеңі, төртінші турдың соңында "Аталантаға" (2:2) қарсы ойнап, Италияда керемет нәтижеге жетуге көмектесті.

Португалиялық шабуылшының өзі бұл нәтижені "сәттілік" деп атады.

"Өте қиын ойын болды, Бергамода ойнаған кезде әрқашан қиын болатынын білемін, бірақ соңына дейін сендік, өте қуаныштымын. Біз ешқашан бас тартпаймыз, соңына дейін сенеміз, бұл - біз үшін жақсы нәтиже. Бастау қиын болды, "Аталанта" мықты болатынын білдік, олардың жаттықтырушысы керемет, мен "Ювентуста" ойнаған кезде оларға қарсы ойнау әрқашан қиын болатын. Соңында сәтті болды, бірақ футболда әрқашан сондай", - деді Роналду.

Осылайша, Роналду Манчестер Юнайтедтегі карьерасының екі кезеңінде 303 матчта 127 гол соқты. 

"Әлі де дамуымыз керек, бізде түрлі ойыншылар, түрлі жүйе бар, бір-бірімізге икемделуіміз керек, бірақ бұған уақыт қажет. Бізде дамуға, жақсы нәтиже көрсетуге уақыт бар", - деді футболшы.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети