Роналду екі рекорд жаңартып, Португалияға жеңіс сыйлады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Роналду екі рекорд жаңартып, Португалияға жеңіс сыйлады ©Reuters

Футболдан Португалия ұлттық құрамасы жолдастық кездесуде Катарды жеңді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Футболдан Португалия ұлттық құрамасы жолдастық кездесуде Катарды жеңді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Фару-Луледе (Португалия) өткен кездесу 3:0 есебімен аяқталды. Жеңімпаздар сапында Криштиану Роналду (37-минутта), Жозе Фонте (48) және Андре Силва (90) гол соқты.

Роналду үшін бұл ұлттық құрамадағы 181-матч болды. Осылайша, "Манчестер Юнайтед" шабуылшысы испаниялық қорғаушы Серхио Рамосты (180) озып, ұлттық құрамадағы ойындар саны бойынша еуропалық рекордты жаңартты.

Әлемдік рекорд малайзиялық экс-қорғаушы Со Чин Аунға тиесілі, ол 1969-1984 жылдар аралығында 195 матч өткізген.

Португалия құрамасы сапындағы 181 матчте Роналду 112 гол соғып, 41 нәтижелі пас берген. Осылайша, шабуылшы ұлттық құрама сапындағы голдар саны бойынша әлем рекордын жаңартты. Ол 2021 жылы ұлттық құрама сапында он гол соққан.

Сонымен қатар, Катар Роналдудың халықаралық матчтерде гол соққан 46-елі болды. Бірде-бір футболшы осынша құрамаға гол салмаған.

Еске салайық, Португалия құрамасымен бірге Роналду 2016 жылы Еуропа чемпионы атанып, Еуро-2012 "қоласын" және Еуро-2004 "күмісін" алған, 2019 жылы УЕФА Ұлттар лигасын жеңіп алған болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети