Роналду Еуропаның үздік футболшысы атағына ие болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Роналду Еуропаның үздік футболшысы атағына ие болды © instagram.com/cristiano

Португалия ұлттық құрамасы мен мадридтік "Реалдың" шабуылшысы Криштиану Роналду 2016/2017 жылғы футбол маусымының үздік ойыншысы атанды, - деп хабарлайды Vesti.kz. Футболшы Монакода өткен Чемпиондар лигасының жеребе тарту кешінде марапатталды.

Криштиану Роналду өткен маусымды сәтті өткізді. Ол Чемпиондар лигасын екінші жыл қатарынан жеңіп алды. Сондай-ақ, Испания Примерасында командасын алға сүйреді. Шабуылшы Еуропаның үздік ойыншысы атанып қана қоймай, үздік шабуылшы атағын да иеленді.

© instagram.com/cristiano

Өткен маусымның үздік қақпашысы атағына Джанлуиджи Буффон, үздік қорғаушы марапатына Серхио Рамос ие болды. Үздік жартылай қорғаушы болып Лука Модрич танылды.

Қыздар арасындағы үздік ойыншы марапатына Лик Мартенс ие болды.

Үздіктер Чемпиондар лигасына қатысушы командалардың жаттықтырушылары мен УЕФА құрамына енетін 52 тілшінің дауыс беруі бойынша анықталған. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.49  course up  583.17  course up  6.51  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети