27 маусым 2022 16:01

Роналду жазда "Манчестер Юнайтедтен" кетпейді - БАҚ

Фото ©REUTERS

"Манчестер Юнайтед" шабуылшысы Криштиану Роналду "Олд Траффордтан" шықпауы мүмкін, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ESPN телеарнасына сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Манчестер Юнайтед" шабуылшысы Криштиану Роналду "Олд Траффордтан" шықпауы мүмкін, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ESPN телеарнасына сілтеме жасап. 

Телеарна мәліметінше, клуб өкілдері футболшыны жазда жібермейтінін айтқан. "Манчестер Юнайтед" Роналду командада қалады деп үміттенеді. Манкуниялықтардың жаңа бас бапкері Эрик тен Хаг та шабуылшының командада ойнағанын қалайды.

Ақпарат көздері телеарнаға Роналду карьерасының қалған жылдарында Чемпиондар лигасында ойнағысы келетінін және осы жазда осы уақытқа дейін бірде-бір келісімшартқа қол қоя алмаған "Манчестер Юнайтедтің" болашағына күмәнданатынын айтқан.

Реклама
Реклама

Алайда Каррингтонда маусым алдындағы жаттығудың бірінші күнін өткізетін жаңа менеджер Эрик тен Хаг келесі маусымда Роналду команда құрамында болады деп үміттенеді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram