Реклама +7(700) 388 81 09
  1. Басты
  2. Біл
  3. Спорт
  4. Футбол

Роналду жазда "Манчестер Юнайтедтен" кетпейді - БАҚ 27 маусым 2022, 16:01

"Манчестер Юнайтед" шабуылшысы Криштиану Роналду "Олд Траффордтан" шықпауы мүмкін, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ESPN телеарнасына
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Vkontakte
  • Facebook
  • Twitter
  • Одноклассники
  • Telegram
Новостью поделились: человек
  • Қате таптыңыз ба?

Фото ©REUTERS Фото ©REUTERS

"Манчестер Юнайтед" шабуылшысы Криштиану Роналду "Олд Траффордтан" шықпауы мүмкін, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ESPN телеарнасына сілтеме жасап. 

Телеарна мәліметінше, клуб өкілдері футболшыны жазда жібермейтінін айтқан. "Манчестер Юнайтед" Роналду командада қалады деп үміттенеді. Манкуниялықтардың жаңа бас бапкері Эрик тен Хаг та шабуылшының командада ойнағанын қалайды.

Ақпарат көздері телеарнаға Роналду карьерасының қалған жылдарында Чемпиондар лигасында ойнағысы келетінін және осы жазда осы уақытқа дейін бірде-бір келісімшартқа қол қоя алмаған "Манчестер Юнайтедтің" болашағына күмәнданатынын айтқан.

Алайда Каррингтонда маусым алдындағы жаттығудың бірінші күнін өткізетін жаңа менеджер Эрик тен Хаг келесі маусымда Роналду команда құрамында болады деп үміттенеді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Подпишись на почтовую рассылку Tengrinews.kz. Получай все самое главное за неделю каждую пятницу на свой адрес.


Join Telegram