Роналду карьерасындағы ең үлкен жеңісті атады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Роналду карьерасындағы ең үлкен жеңісті атады Reuters

Португалиялық футболшы Криштиану Роналду карьерасындағы есте қалған ең маңызды сәтті атады, - деп хабарлайды Vesti.kz сайты Sports.ru порталына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Португалиялық футболшы Криштиану Роналду карьерасындағы есте қалған ең маңызды сәтті атады, - деп хабарлайды Vesti.kz сайты Sports.ru порталына сілтеме жасап.

Бұл оқиға 2013/14 маусымындағы Чемпиондар лигасында болған екен.

"Мадридтік "Реалда" әрдайым Чемпиондар лигасы туралы ойлайды. Жыл сайын қысым артып отырды, бірақ "Десима" (10 рет ұту) біз қалағанымызға жеткен сәт болды. Ең үлкен жеңіс.

"Реалмен" бірге жеткен "Десима" - менің есімде мәңгі қалатын сәт, оны ешқашан ұмытпаспын", - дейді спортшы.

Роналду "Реалмен" келісімшартқа отырғанда Чемпиондар лигасында жеңіске жетуге құштарлық бойын билеп алатынын, оныншы рет жеңіске жетуге бәрі құштар болғанын айтады.

"Бұл ең ерекше сәт, ол менің отанымда Лиссабонда болды. Әр жанкүйердің де қалағаны осы болды. Бәріміз қаладық. Мен өз клубыммен ең беделді жүлдені жеңіп алдым, бұл әрдайым жадымда болады", - дейді Роналду.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 509.21  course up  592.35  course up  6.64  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети